Күні:________ Қызықты математика
Сабақтың тақырыбы: Қай фигура қашып кетті?.
Сабақтың мақсаты: 1)Оқушылардың математикадан алған білім біліктіліктерін қолдана отырып қызықты математикалық тапсырмаларды орындауға үйрету.
2) Ойлау қабілеттерін дамыта отырып, ауызша, жазбаша есептеу дағдыларын жетілдіру, сөздік қорларын молайту, сөйлеу мәдениетін дамыту.
3) Алға қойған мақсаттарына жетуге, нәтижеге жете білуге тәрбиелеу
Түрі: сайыс сабақ
Әдісі: сұрақ – жауап, жарыс, ойын т.б.
Көрнекілігі: слайдтар, карточкалар,
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі: сыныпты екі топқа бөлу.
1-топ: «үшбұрыштар» тобы
2-топ: «дөңгелектер » тобы
Психологиялық дайындық.
Қуан, шаттан, қуан, шаттан,
Қуанатын күн бүгін.
Қайырлы таң, қайырлы күн,
Күліп шықты күн бүгін.
Топтарды орындарына отырғызып, сайыстың шартымен таныстыру.
Екі топтың жұмысын бағалау парағына қызыл, жасыл дөңгелектермен белгіленіп отырады.
Дұрыс жауап:жасыл
Қате жауап: қызыл дөңгелек бағалау ұяшығына түседі.
1 – тапсырма: «Бой жазу» сұрақтарға жауап алу.
1. Төртбұрыштың неше бұрышы бар?
2. Қосуға кері амалды ата.
3. Бір аптада неше күн бар?
4. Оқу жылы қай айдан басталады?
5. 2 + 2 қанша болады?
6. Шеңберде бұрыш бола ма?
7. 3 алма көп пе, әлде 3 алмұрт көп пе?
8. біздің сыныпта неше қыз бар?
9. Партаның неше бұрышы бар?
10. сыныпқа қанша қонақ келіп отыр?
Дұрыс жауап берген топ ұпай алып отырады.
Сергіту сәті: Оң қолымда 5 саусақ,
Сол қолымда бес саусақ.
Беске бесті қосамыз,
Алақанды соғамыз.
2-тапсырма. Топпен жұмыс : геометриялық фигураларды торкөздерге орналастыру
3– тапсырма: математикалық диктант
1. Нүкте. 2. Кесінді. 3. Төртбұрыш. 4.Тұйықталған сызық. 5. Сәуле.
6.Тұйықталмаған сызық. 7. Бұрыш. 8.Дөңгелек 9. Қисық сызық. 10.Түзу
4- тапсырма: заттарды салыстыру
Сергіту сәті:
5 – тапсырма: «судоку»
1 |
|||
2 |
|||
3 |
|||
4 |
6-тапсырма
Карточкамен жымыс: «Өрнектің мәнін табу»
Сабақты қорытындылау: Бағалау парғынан жеңімпаз топты байқау. Әр оқушының жұмысын бағалап, мадақтау.