Сабақтың тақырыбы: Алпамыс батыр жыры
Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға Алпамыс батыр жырын оқыта
отырып,Алпамыстың өжеттігін, батырлығын,
оқушыларға паш ету, оны құрметтеуге үйрету.
ә) Әндідұрыс орындауға, эпос сөзін дұрыс түсіне түсінік
беріп,жырдан үзінді орындата отырып, ой-өрісін
дамыту.
б) Ноталарды дұрыс айтып, жазуға дағдыландыру.
адамгершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Әдісі: Өздік білімдерін жетілдіру.
Түрі: Қорытынды сабақ.
Көрнекілігі: Гүл күлтелері, жапырақтары, нота сызығы.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгендеп, оқушыларға сабақтың мақсаты мен өту әдісін түсіндіріп, сабаққа ынталарын аудару.
ІІ. Жаңа сабақ: Қорытынды сабақ.
-
Оқушыларды екі топқа бөлемін : Жыршы және Жырау тобы
-
Әр топ өздеріне арналған гүл күлтелеріндегі сұрақтарға жауап бере отырып гүлді құрап шығады.
-
Гұл күлтелеріндегі сұрақтар:
-Бастау әнін орындап бер?
-Ұлтанға суреттемені орында?
-Тайшық ханның елінде
-Жиделі Байсын жерінде орында?
-Диуана мен Бадамшаның айтысын айт?
-Арманына жеткен Алпамыс.
-Мыстанның айласын айт?
-Алпамыстың зынданнан шығуы
-Көріпкел Шәшті әзіз
-Алпамыстың Тайшық хан еліне сапары.
-Жақсы ат-ер қанаты.
-Алпамыстың жауабын айт?
4. Келесі кезекте сабақтарын орнату үшін мен сендерге жырдан үзінді орындап беремін. Топ мүшелерінің бірі Әлқисасын айтуы керек.
5. Ал, балалар жапырақтарын қалай орналастырамыз. Біз сендермен толқсан бойы бірнеше ән жаттадық солай емес пе? Топ мүшелерінің бірі шығып бізге ән айтып берсін. Әнді жақсы орындаса жапырақ та өз орнына орналасады .
6. Тоқсан бойы біз сендермен ноталармен таныстық, олардың қысқа қайырымдарын жаттадық. Кезек нотаға да келген сияқты. Әр топ оқушылары өздеріне ұнаған аспапты таңдап алып, сонда берілген нотаның қысқа қайырымын орындап, нотасын нота сызығына жазады.
-До нотасына қысқа қайырымды орында?
-Ре нотасына қысқа қайырымды орында?
-Ми нотасына қысқа қайырымды орында?
-фа нотасына қысқа қайырымды орында?
-Соль нотасына қысқа қайырымды орында?
-Ля нотасына қысқа қайырымды орында?
-Си нотасына қысқа қайырымды орында?
-До нотасына қысқа қайырымды орында?
7. Сонда до,ре, ми, фа, соль ля, си, до деген нота октавасы шықты. Енді осы ноталарды тура және кері қарата орындап көрейікші «бірнеше рет орындатамын)
8. Бүгінгі сабағымызды нота үйренейік әнімен аяқтайиыз.
9. Үйге тапсырма : Тоқсан бойы өткендерді қайталап келу.