Эстетикалық пәндердің апталығы

«Шеберлер қалашығына саяхат » сайыс сабақ Сайыстың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың білімін, жан-жақты ойлау қабілеттері мен ой ұшқырлығын қалыптастыру.

Дамытушылық: Оқушылардың алған білімдерін дамыту, шығармашылыққа баулу.

Тәрбиелік: Оқушыларды кәсіби біліктілікке, өз бетімен еңбектенуге, алғырлыққа, тапқырлыққа және жан-жақты дамыған азамат болуға тәрбиелеу.

Құммен ұқыпты жұмыс жасай білу дағдысын, құм терапиясы арқылы табиғи дүниені өз алақандарымен сезіне білу, табиғат сырын ұғынып, оны қорғай білу қасиеттерін, қол, саусақ моторикаларын, танымдық даму деңгейлерін дамыту

Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар және бүгінгі сайыс сабаққа қатысушы оқушылар!

«Біз еңбекті, өнерді сүйетін-мәңгілік ел болашағымыз » көркем-эстетикалық пәндер онкүндігінде өткізгелі отырған

«Шеберлер қалашығына саяхат»  сайыс сабағымызды бастаймыз. «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» демекші, бүгінгі білім, шеберлік сайыс сабағын бастауға рұқсат етіңіздер!

Шақырамыз келіңдер жарысуға,

Білімменен шеберлікпен алысуға.

Бар өнерді салайық ортамызға,

Қанеки, кім шығады сайысуға.

Бүгінгі сайысымызға мектебіміздің оқушылары білімдерін, шеберліктерін ортаға салады.

«Шеберлер қалашығына саяхат» сайыс сабақ

«Кәсіп болмай, нәсіп болмас.»

Төле би.

-Уа халайық, халайық!

Бәріңе жар салайық.

Бүгінгі кеш төрінде

Шеберлердің елінде

Шеберлердің тілінде

Көңілді кеш жасайық.

Ат салысып аянбай

Бар өнерге басайық.

Таныстырайын әділқазы алқаларын, — демекші сайыскерлердің өнерлерін, білімдеріне және шеберліктеріне баға беруші әділқазылар мүшелерін таныстырып өтейін.

Сайысқа қатысушылар сайыс шарттарымен танысады.

І кезең «Таныстыру»

ІІ кезең «Шеберлер қиялы» сайысы

ІІІ кезең «Кім жылдам (шеберлік сайысы)»

ІV кезең  «Полиглот» (жұмбақтын шешімін)

V кезең  “Сурет салу өнері” (шеберлік сайысы)

І кезең «Таныстыру»

Оқушылар топтарға бөлініп топ аттарын айтып таныстыралы

Таныстырып өздерін өтсе деймін, — деп сөз кезегін оқушыларға береміз. Топтарымен таныстырады

«Таныстыру» бөлімі.

1 топ. Ақтау қаласы, Ақтау 1964-1991 жылдар аралығында Шевченка аталып, тарихи атауы қалпына келтірілді. Ақтау қалалық әкімшілігінің құрамына Маңғышылақ және Өмірзақ кенттері кіреді.

2 топ. Астана қаласы, 1997 жылы 10 желтоқсаннан бастап Ақмола Қазақстанның астанасы болып ресми түрде жарияланды.

3 топ. Алматы қаласы, Басын қар басқан Алатаудың етегіне орналасқан, табиғатының сұлулығы жағынан сирек кездесетін Алматы қаласы Қазақстан Республикасының орталығы болуға лайық еді.

4 топ.Қызылорда қаласы 1925 жылы наурыз айында Қазақстанның астанасы Орынбордан Қызылордаға көшті.

ІІ кезең «Шеберлер қиялы» сайысы (ермексазбен жұмыс)

Сайыс шарты бойынша әр топ, ермексаздарды алып топбы мен бірге құстың бейнесін , үй жануарларын мүсіндейді жасайды. Ермексазбен бұйым жасауға 5 минут берледі .

«Шеберлер қиялы» бөлімі де 3-5 ұпай бағаланылады .

ІІІ бөлім «Кім жылдам» сұрақ-жауап

Бұл бөлімде пәндерден сұрақтар қойылады. Оқушылардың жылдамдығын шапшаңдығы ескерледі. Сайыстың бұл бөлімі де 3-5 ұпаймен бағаланады.

1.Жаратылыстану пәні бойынша сұрақ

Жердің кішірейтілген моделі (Глобус)

2.Қазақстан тарихы пәні бойынша сұрақ

Елімізде өткізілген ең үлкен халықаралық шара (ЭКСПО көрмесі)

3. Музыка пәні бойынша сұрақ

Құрманғазының би күйі (Балбырауын)

4.Көркем-еңбек пәні бойынша сұрақ

Ою-өрнектер неше түрге бөлінеді (Геометриялық, Ғарышттық,

Жануар тектем, Өсімдік тектес.)

5.Математика пәні бойынша сұрақ

Жолда 2 әкесі, 2 баласы кетіп бара жатыр

Жолда барлығы неше адам кетіп бара жатыр (3 адам(атасы, әкесі, баласы)

6.Қазақ тілі және әдебиеті

Пәні бойынша сұрақ

Мысықта бар,

Күшікте жоқ.

Қасықта бар,

Есікте жоқ. (“Ы” әріпі)

ІV бөлім “Полиглот” (жұмбақтын шешімін 3-тілде айту) 5-15 ұпай

Бұл бөлімде оқушылар 3- тілде өз өнерлерін көрсетеді.

Сайыстың бұл бөлімі де 5-15 ұпаймен бағаланады.

1.“Қабат-қабат қаптама, Ақылың болса, аттама” (Кітап, книга, book )

2. “Ауланы күзетеді босағадан,” (Ит, собака, Doog)

3. “Қалқиып ұзын құлағы, Елеңдеп, қорқып тұрады.” (Қоян, заяц, rabbit)

4. “Бірде табақ, Бірде орақ” (Ай, Луна, Moon)

Қажетті құралдар: Құм қаласын жасауға арналған қорап, әр түрлі ойыншықтар, түрлі-түсті құмдар, қол сүрткіш, бетті жабуға орамал, қылқалам, ПВА желімі.

Әдістер: Жылулық шеңбері, әңгімелесу, сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын, мадақтау, түрлі-түсті құммен сурет салу.

V кезең «Сурет салу өнері» (шеберлік сайысы) құмыраның суретін салу. Сурет салуға 5 минут уақыт беріледі. Бұл соңғы кезеңде оқушылар құммен суреттер салады. 5-10 ұпай беріледі.

Құрметті ұстаздар мен оқушылар!

Мінеки, біздің бүгінгі өнер, білім және шеберлік сайысымызда өз мәресіне жетті. Бүгінгі сайысымызды қорытындылап, жеңімпаз топты анықтауға әділқазылар алқасына сөз береміз. Жеңімпаз топты анықталып, білімдерін, өнерлерін, шеберліктерімен көзге түскен топтарды марапатталып, сыйлықтар табыс етіледі.

Бүгінгі «Шеберлер қалашығына саяхат» сайыс сабағымыз қатысқан оқушыларды мектебіміз атынан шын жүректен құттықтай отырып, биіктен көріне берулеріне тілек білдіреміз! Келесі кездескенше аман-сау болып тұрыңыздар!

1 топ. Ақтау қаласы, Ақтау 1964-1991 жылдар аралығында Шевченка аталып, тарихи атауы қалпына келтірілді. Ақтау қалалық әкімшілігінің құрамына Маңғышылақ және Өмірзақ кенттері кіреді

2 топ. Астана қаласы, 1997 жылы 10 желтоқсаннан бастап Ақмола Қазақстанның астанасы болып ресми түрде жарияланды.

3 топ. Алматы қаласы, Басын қар басқан Алатаудың етегіне орналасқан, табиғатының сұлулығы жағынан сирек кездесетін Алматы қаласы Қазақстан Республикасының орталығы болуға лайық еді.

4 топ.Қызылорда қаласы 1925 жылы наурыз айында Қазақстанның астанасы Орынбордан Қызылордаға көшті.

Жайдарман КТК сайысы

9-10 сыныптар

Мақсаты: оқушыларға «өнер» ұғымын түсіндіру, өнерге құштарлық сезімдерін ояту, өнерлі адамдардың жетістіктері арқылы қызығушылықтарын қалыптастыру және эстетикалық тұрғыда тәрбиелеу;

Бүгін көркем-эстетикалық пәндерінің онкүндігінде өткізіліп жатқан.

«Біз еңбекті, өнерді сүйетін-мәңгілік ел болашағымыз» атты тақырыбында «Жайдарман КТК» сайысы.

Қалжыннан несіне сескендің,

Қазағым әзілмен көшкен жұрт.

Күлкіге шөліңді қандырар,

Жайдарман клубына қош келдің! —

Армысыздар ауылдастар,

Бармысыздар қонақтар.

Ұлы тұлғалы ұстаздар,

Оқу қуған оқушылар.

№6 орта мектебінде өткізгелі отырған, жайдарман ойынына қош келдіңіздер!

«Өнерлі өрге жүзер», «Өнерлі болу,олда байлық» —демекші бүгінгі ойынымыздың тақырыбы «Әдебиет маусымы».   Өнер көрсететін өнерпаздар сіздерге өнердің түрлері, және өнер арқылы ел алдына қалай шығу керектігін әдемі әзілмен,үйлескен ұйқаспен,күлкілі көрініспен, жақ ашар жаңалықпен жеткізеді деген сенімдемін.

Әзіл қалжын жадыратар көңілді,

Нұрландырып жібереді өмірді.

Келіңіздер көріңіздер шаттана,

Ұсынамын кең құшақты төрімді-дей отырып, сіздердің көңілдеріңізді көтеріп,әдемі әзіл айтып,тамаша күлкі сыйлайтын жайдарманшыларды қошеметпен ортаға шақырайық!

1.«Аралас kz » жайдарманшылары

2.«Ұлы дала ұлдары» жайдарманшылары

3.«Біздің жігіттер» жайдарманшылары

Бәрекелді!Бәрекелді!

Топтар ортаға келді.

Жиналған барлығың,

Әзілмен күлдірт елді.-деп сіздерге ақ тілек айтайын.Құрметті қауым бүгінгі ойында сіздердің алдарыңызда өнер көрсететін жайдарманшылармен таныс болдық.

Енді —Әзілдің әжесін,

Қалжынның қожасын.

Көріністің көркісін,

Әртістің әр ісін.- бағалайтын әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

1.Әділ-қазылар алқасының мүшесі………………………………………………

2.Әділ-қазылар алқасының мүшесі:……………………………………………………

3.Әділ-қазылар алқасының мүшесі:……………………………………………………

4.Әділ-қазылар алқасының мүшесі:……………………………………………………

Бүгінгі ойынымыздың бағдарламасымен таныстырып өтейін:

1.СӘЛЕМДЕСУ; / жиналған көпшіліктің көңілдерін көтере отырып ,әзіл-қалжынмен сәлемдесу /3-5 мин

2 БЕС ЖАҢАЛЫҚ ;Ауыл,мектеп,білім ,денсаулық т.б.салалар бойынша жаңалықтар 5 -7мин/

3.Үй тапсырмасы / «Әдебиет маусымы» тақырыбы: 5 -7мин/

Жайдарманшылармен таныс болдық,олай болса қошеметпен дайындыққа сахна сыртына шығарып салайық!СӘТТІЛІК тілеймін!

Жүрекпенен сәлем салайық,

Қабыл ал кең жүректі халайық.

Ортаңызға келіп қалдық көрермен,

Күлдірейік көңілдерді табайық.--дей отырып, алғашқы СӘЛЕМДЕСУ бөлімінде кезек берейік. /3-5 мин

Рахмет өнерпаздар,енді осы СӘЛЕМДЕСУ бөліміне берер бағаларыңыз! Алғаш болып өнер көрсеткен:

1.«Аралас kz » жайдарманшылары

2.«Ұлы дала ұлдары» жайдарманшылары

3.«Біздің жігіттер» жайдарманшылары

Күлші тағы күлімде,күле берші,

Күлкіңмен жүрекке гүл егерсің.

Сыңғырлаған бұлақсың күміс үнді,

Көмейімнен төгілген жыр өлеңсің.-деп,келесі бөліміміз  БЕС ЖАҢАЛЫҚ! /уақыты 5 мин/

Әділ-қазылар алқасынан командаларға БЕС ЖАҢАЛЫҚ! Қойған ұпай сандарын көрсетуді өтеміз.

Әзіл-қалжын жасай берсін тағы да,

Өнер көрсет, күтетіндей сағына.

Көрерменді қуанышқа бөлейік,

Әзіл бөліміне кезек берейік.-демекші, келесі бөліміз Үй тапсырмасы!  «Әдебиет маусымы » соңғы бөлім.

Рахмет! әзілқой өнерпаздар!Осы бөлімнің бағасын білсек,бірінші болып өнер көрсеткен:

1.«Аралас kz » жайдарманшылары

2.«Ұлы дала ұлдары» жайдарманшылары

3.«Біздің жігіттер» жайдарманшылары

Рахмет, Әділ-қазылар қорытынды балдарын шығарғанша,ортада:………………………………………… қабыл алыңыздар!

Сөз кезегі әділ-қазылар алқасында:

Құрметті қауым «Әдебиет маусымы » тақырыбына өткізілген . Жайдарман ойыны өз мәресіне жетті,жайдарманшыларға көп-көп рахмет!Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!

Мақсаты: Технология пәні сабақтарында ұлттық дүниетаным ерекшелігін танытатын ұлттық құндылықтарымызды оқушыларға зерттетіп, рухани қазына ретінде жандандыру.

Міндеттері:

  • мәдени құндылықтарымыздың көне тарихымен таныстыру;

  • мәдени мұраларымыздың өзіндік ерекшеліктерін ашып көрсету;

  • жас ұрпақтың бойында қиялдау, елестету, табиғат құбылыстарын бақылай білу қабілеттерін дамыта отыра, шығармашылыққа баулу.

қазақ сәндік-қолданбалы қолөнері

талдау, тұжырымдау, қорытындылау

Понравилась статья? Поделиться с друзьями: