Географиядан интеллектуалды жарыс «ХХІ ?асырды? к?шбасшысы»

ХХІ ғасырдың көшбасшысы”
интеллектуалды шоу

Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, оқушылар!

Ата –бабаларымыз түгін тартса майы шығатын құнарлы жерлерді, арнасы асып төгілетін асау өзендер мен көлдерді, сыңсыған орман, тоғайларды, тарих куәгері қарт таулар мен сайын даланы бар байлығымен ұрпағына мирас етіп қалдырды. Қазақтар бұрын гүл жұлмаған халық екен. Құмырсқаның илеуін бұзба, құстың ұясын бұзба үйге жамандық кіреді, өйткені сен өзгенің мекенін үйін бүлдірдің дейтін.

Халқымыз табиғат пен адам біртұтас, оларды бір-бірінен бөлуге болмайды деп ұққан. Сол себепті де табиғаттан өз керектерін ғана алып, қалғанына еш зиянын тигізбеген. Жер – Ана деп жерімізді қастерлеген. Сол себепті бүгінгі 21 ғасырдың көшбасшысы атты интеллектуалды ойынымыз Жерді қорғай білетін, аялай білетін оқушыларға арналған. Олай болса ойынымызды бастайық. Сайыскерлерді ортаға шақырайық.

Сайыскерлерімізді сынап отыратын әділқазылар алқасымен танысып өтейік.

Құрметті сайыскерлер, сіздерге сәт сапар тілейміз!

1 тур. БӘЙГЕ

10 сұрақ оқылады, сендердің міндеттерің тез арада сұраққа жауап беру. Кім бірінші карточканы көтереді, сол жауап береді. Карточканы көтермеген оқушының жауабы есептелінбейді. 1 сұрақ, 1 ұпай.

БӘЙГЕ”

1. Оңтүстік Америка қандай ежелгі материктің қалдығы?

2. Исландияның астанасы? (Рейкьявик)

3. Атмосфераның төменгі қабаты (Тропосфера)

4. Оңтүстік пен Солтүстікті қосатын сызық (Экватор)

5. Дүниежүзіндегі ең биікте орналасқан астана (Ла-Пас)

6. Шексіз, жағасы жоқ теңіз (Саргасс)

7. Ауаның горизонталь бағытта қозғалуы (Жел)

8. Ауа райын зерттейтін ғылым (Метеорология)

9. Географтар Финляндия мен Скандинавияны бір сөзбен не деп атайды? (Фенноскандия)

10. Вальстың отаны (Вена)

11. «Лақ ету» сөзін исланд тіліне аудар (Гейзер)

12.Қай континент а әрпінен Я әрпіне дейін созылған (Аустралия)

13. Халықаралық валюта металлы (алтын)

14. Асуньсон қай елдің астанасы (Парагвай)

15. Туында үйеңкі жапырағы бейнеленген ел (Канада)

2 тур. Полиглот

Әр оқушыға жұмбақтар оқылады. Жауап қазақша, орысша, ағылшынша айтылады. 30 ұпай. Осы турдан кейін ұпайлары аз 3 оқушы ойыннан шығады.

№ 1 оқушы:
Қанаты жоқ – ұшады, аяғы жоқ – қашады (ЖЕЛ)

№ 2 оқушы
Бар ма жоқ па, оны анық білмейсің, ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің (АУА)

№ 3 оқушы
Әуеде ақ мамық
қалбақтап ұшады
Қанаты талып
жерді барып құшады (ҚАР)

№4 оқушы
Көтеріліп теңізден,
аспанға биік барамын
Биіктен қайта түскенде
өңі кірер даланың (ЖАҢБЫР)

№5 оқушы
Ақ сандығым ашылды, ішінен жібек шашылды (КҮН)

№ 6 оқушы
Көлігі жоқ көшеді, өзін кезбе деседі (БҰЛТ)

№7 оқушы
Отқа жанбас, суға батпас (МҰЗ)

№8 оқушы
Аяғы жоқ жүреді
Жоғарыдан төмендеп
Сықылықтап күледі
Сай-саладан сылдырлап (САРҚЫРАМА)

3 тур. Қызықты бестік

Географияның 5 бағыты берілген. Біреуін таңдап сұрақтарға жауап беру керек. Ең жоғары ұпай алған оқушы таңдайды. Осы турдан кейін ұпайы аз 2 оқушы кетеді. 2 ұяшықты ғана таңдауға болады

КЕСКІН КАРТА

☼ ҚҰПИЯ

☼ ЖЕР РЕКОРДЫ

☼ САЯХАТШЫЛАР

☼ ЖАНУАРЛАР

ЖАНУАРЛАР

1. Африкадағы шыбынның түрі. Ол адамдар мен жануарларға ұйқы ауруын жұқтырады. (ЦЕЦЕ)

2. Денесінің ұзындығы 33 м, салмағы 120 т, тілінің салмағы 3 т-ға дейін жетеді. Бұл қандай жануар? (КИТ)

3. Оңтүстік Американың ең үлкен су шошқасы (КАПИБАРА)

4. Солтүстік Американың тундра зонасында мекен ететін солтүстік бұғыларының айрықша түрі (КАРИБУ)

5. Анд тауларында мекен ететін терісі өте бағалы кеміргіш жануар (ШИНШИЛЛА)

Жер шарының ерекше аймақтары

1. Оңтүстік Америка материгінде Венесуэла мемлекетінде орналасқан биіктігі 1054 метрлік сарқырама? (АНХЕЛЬ)

2. Бұл аралдың ауданы 2 млн шаршы шақырымнан артық. Исландық викинг Гунбьерн осы алып аралды “Жасыл жер” деп атаған. Ол қандай арал? (ГРЕНЛАНДИЯ)

3. Бұл аралда сөнген және әрекетін тоқтатпаған жанартаулар бар. Жанартаулар шамамен әрбір 5 жыл сайын атқылайды. Ең ірі жанартауы – Гекла. Бұл қай арал? (ИСЛАНДИЯ)

4. Бұл шөл Монғол Халық Республикасының оңтүстік шығысы мен оған жалғас жатқан Қытай жерін алып жатыр. Шөлдің атауы монғолдың “говь”-өте жұтаң өсімдік жамылғысымен жабылған жазық, сусыз, тіршіліксіз жер деген мағынаны береді. Бұл қандай шөл. (ГОБИ)

5. Бұл тау Альпі, Кавказ, Гималай таулары сияқты, бірнеше миллиондаған жылдар бұрын пайда болған. Инктер тілінде “мысты таулар” деген мағына береді. Бұл қандай таулар? (АНД)

САЯХАТШЫЛАР

1. Бұл саяхатшы басқарған экспедиция Атлант мұхиты арқылы Үндістанға баратын жолды іздеу барысында Багам, Кіші Антиль аралдарын ашты (Х.КОЛУМБ)

2. Тұңғыш рет Жер шарын айналып шықты (Ф. МАГЕЛЛАН)

3. 1932-1933 жылдары Оңтүстік Америка материгінің ежелгі егіншілік орталықтарын анықтаған ғалым. (ВАВИЛОВ)

4. Бұл саяхатшы Орталық Азияның сол кезеңге дейін жұмбақ қалпында қалып келген ішкі бөліктеріне саяхат жасады. Алдымен Тянь-Шань тау жүйесінің Қазақстан мен Орта Азиядағы бөлігін аралап, Ыстықкөл жағасында болды. (Ш. УӘЛИХАНОВ)

3. Ол Замбези өзеніндегі атақты Виктория сарқырамасын ашты (Д.ЛИВИНГСТОН)

ҚҰПИЯ” Африка материгінің ерекшеліктері

1. Африканың ең терең көлі?(ТАНГАНЬИКА)

2. Африкадағы құмды жел қалай аталады (САМУМ)

3. Африканың бойшаң адамдары қалай аталады? (ТУТСИ, ХИМИЛЕР)

4. Африканың ең мол сулы өзені? (КОНГО)

5. Африканы Пиреней түбегінен қандай бұғаз бөліп жатыр? (ГИБРАЛТАР)

4 тур. Жорға. Әрқайсына 10 сұрақтан қойылады. 1 сұрақ 1 ұпай. Осы турдан кейін ұпайы аз бір оқушы ойыннан шығады

1 оқушы.

  1. Жер шарындағы ең терең көл. Байкал

  2. Брахмапутра өзені қай мұхитқа құяды. Үнді

  3. Скандинавия түбегінің жағалауы өте күшті тілімденген, мұз басу әсерінен қалыптасқан тік жағалы, терең, тар шығанақтар не деп аталады. Фьорд

  4. Жерге жарық беретін, жылу тарататын жұлдыз. Күн

  5. Солтүстік Американың ең биік нүктесі. Мак-Кинли 6193м

  6. Жер шарындағы ең үлкен арал. Гренландия

  7. Жер бетінің қатты тас қабаты. Литосфера

  8. Ауа қысымы бірдей нүктелерді қосатын сызық. Изобар

  9. Желдің бағытын анықтайтын құрал. Флюгер

  10. Вапити деген не. Солтүстік Америкалық бұғы

2 оқушы.

1. Еуразиядағы ең үлкен сөнбеген жанартау. Ключи шоқысы

2. Сена өзені қай мұхитқа құяды. Атлант

3. Бұл мемлекетте жасалатын сағаттар дәлдігімен, сапалылығымен аса жоғары бағаланады. Швейцария

4. Күнге ең жақын орналасқан ғаламшар. Меркурий

5. Оңтүстік Американың ең биік нүктесі Аконкагуа

6. Халық саны көп материк. Еуразия

7. Жер бетінің су қабаты Гидросфера

8. Ауа температурасы бірдей нүктелерді қосатын сызық. Изотерма

9. Ауа қысымын анықтайтын құрал. Барометр

10. Викунья деген не. Оңтүстік Америка жабайы ламасы

3 оқушы.

1. Жер шарындағы ең үлкен көл. Каспий теңізі

2. Хуанхе өзені қай мұхитқа құяды. Тынық

3. Дүние жүзіндегі ең үлкен тау мұздығы Хабборт қай материкте орналасқан. Солтүстік Америка

4. Жер Күннен санағанда нешінші ғаламшар. 3

5. Африканың ең биік нүктесі. Киллиманджаро

6.Жер шарындағы ең үлкен түбек. Арабия

7. Жер бетінің ауа қабаты. Атмосфера

8. Жауын-шашын мөлшері бірдей нүктелерді қосатын сызық. Изогиета

9. Ауа температурасын анықтайтын құрал. Термометр

10. Дромедар деген не. Сахарадағы бір өркешті жабайы түйе

5 тур. ШЕШЕНДІК ӨНЕР.

Келесі сөзді әділқазылар алқасына берейік.

Табиғат тіршілік көзі. Оны туған анамыздай қастерлеп, ата-бабамыздай табынып, туған бабамыздай қорғасаң, ол мәңгібақи тіршілік көзі бола бермек. Табиғат адамды өзінің бағбаны деп түсінеді. Сондықтан оған бәріміз де жауаптымыз. Осы турда бар шешендік өнерлеріңді ортаға саласыңдар. Табиғат – тіршілік көзі деген тақырыпта өз ойларыңды жеткізесіңдер. 10 ұпаймен бағаланады. Ойлануға 2 минут уақыт беріледі.

Жеңіскерлерді құттықтаймыз!

Табиғатты қорғай білейік ағайын! Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!

Понравилась статья? Поделиться с друзьями: