Ұлғайтқыш құралдар жайлы жалпы түсінік

Сыныбы: 6

Тақырыбы: Ұлғайтқыш құралдар жайлы жалпы түсінік

Сабақтың мақсаты: вирустардан басқа барлық тірі ағзаларға тән, ең кішкентай өлшем бірлік – жасуша, оның ашылу тарихымен және оны зерттеуде пайдаланылған құралдар жайлы мағлұмат беру.

Сабақтың міндеттері:

Білімділігі – «жасуша» ұғымын түсіндіріп, микроскоптың құрылысымен таныстырып, дайын микропрепараттар жасау тәсілін үйрету.

Тәрбиелілігі – адамның тұлға ретінде қалыптасуында ғылыми дүниетанымын байыту.

Дамытушылығы – электрондық оқулық арқылы ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін дамыту; ой түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру; пәнге, тақырыпқа байланысты қызығушылықтарын дамыту.

Құрал-жабдықтар: электронды көрсетілімдер, мироскоптар.

Сабақтың типі: құрастырылған

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Келмей қалған оқушыларды белгілеп, оқушылардың сабаққа дайындығын бақылау.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

Биология ғылымы, оның негізгі салалары туралы әңгімелеңдер.

Ғылымға еңбегі сіңген ғалымдарды атаңдар. Олардың қандай еңбектері бар?

Қорық деген не? Еліміздегі басты қорықтарды атаңдар. Өзің қайсысында болдың?

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі

Жоспар:

1. Микроскоптың шығу тарихы

2. Үлкейтіп көрсететін құралдар және микроскоппен жұміс істеу тәртібі

1609 жылы Италия ғалымы, физик Г.Галилей 2 дөңес әйнектен құралған объективімен окуляры бар 40-тан 300 есеге дейін үлкейтіп көрсететін күрделі құрал құрастырған.

Голландия ғалымы Антон ван Левенгук дөңес әйнектерді өңдеу арқылы микроскоп құрастырып, алғаш рет бактерияларды, қанның қызыл түйіршіктерін, ер адамның жыныс сұйықтығындағы жасушаларды көрген.

Тірі ағзалардың ортақ белгісі – денесі жасушадан (клеткадан) тұрады. Кез келген тірі ағзаның тіршілік белгілерін сақтайтын ең кіші құрылымдық өлшем бірлігі – жасуша. Көлемі кіші болғанымен, мыңдаған қосылыстар, жүздеген заттар жасушада ұдайы түзіліп, реакция тізбегіне қатысады. Жасушада тірі ағзаларға тән зат пен энергия алмасу, оптикалық қосылыстардың түзілуі, өсу, көбею, тыныс алу жүреді.

Жасушаның ашылу тарихы микроскоптың шығуына байланысты. 1590-1610 жылдардың аралығында оптика шеберлері голландиялық әкелі-балалы Янсендер жарық микроскобын ойлап тапты. Микроскоп шыққаннан кейін өсімдік жасушасын зерттеу мүмкіндігі туды.

1665 жылы алғаш рет Роберт Гук өсімдік қабығының жұқа кесіндісін микроскоппен қараған. Ол майда ұяшықтарды көріп, оны жасуша деп атаған. Әдетте біз жасушаны жай көзбен көре алмаймыз. Оның мөлшері миллиметрдің мыңнан бір бөлігімен өлшенеді. Өсімдіктер мен жануарлар дүниесінде денесі бір ғана жасушадан тұратын өте қарапайм ағзаларды біржасушалылар дейді. Біржасушалылыр көпжасушалылы ағзалар сияқты тіршілік етеді.

Жасушамен алғаш танысқандықтан, әрі бұл материал күрделі болғандықтан жаңа сабақты түсіндіріп болған соң, өсімдік жасушасын бірнеше есе үлкейтіп көрсететін құралдардың түрлері, олармен жұмыс істеу әдісін үйрету керек.

Үлкейтіп көрсететін құралдар және микроскоппен жұмыс істеу тәртібі. Жарық микроскобының әрбір бөлімінің атын, не үшін қажеттігін оқушылардың дәптеріне жаздырған жөн. Содан соң микроскоппен қалай жұмыс істеу керек екендігін мұғалімнің өзі көрсетуі тиіс. Алдыға қойылған мақсат – оқушыларды микроскоппен, жұмыс істеу барысымен таныстыру.

Ол үшін микроскопты үстелдің шетінен 5-8 см қашықтыққа қойып, барлық бөлімдерін таза жұмсақ шүберекпен сүртіп тазартылуы тиіс екенін айтып, әр бөлімдерін қалай пайдалану керек екендігін (бұранданы жоғары, төмен қозғау; айнаны жарыққа бағыттап жарық ұстау жолы; көретін затты заттық үстелдің үстіне дәлдеп қою, т.б.) нақтылай көрсетіп жаттықтырған жөн. Микроскопқа керекті жабдықтардың маңызын, қалай қолдануын (заттық әйнектің саусақпен шетінен ұстау; ортасынан ұстаса саусақ ізі түсіп зерттейтін затты анық көрсетпей кедергі болатынын ескерту; сондықтан тазалап сүртіп алу) айту. Препарат жасау үшін зат әйнегінің дәл ортасына тамызғымен 1-2 тамшы су тамызып, көретін объектіні дұрыстап орналастырған соң, суда ауа көпіршіктері болмас үшін жабын әйнегі шетінен ұстап зат әйнегіне бұрыш жасай жабу жолы үйретіледі. Ауа көпіршіктері қалып қойса, әйнектің үстінен сәл басып кетіруге болады. Көретін объектіні міндетті түрде су тамшысына салып қарауды ескертуді ұмытпау керек (қандай да болмасын кез келген объектіні сусыз қарауға болмайды кейде объектіні ерекшелігіне байланысты басқа ерітінділер, бояғыш заттар қосуға болады).

Микроскоппен қарайтын препарат дайын болған соң зат үстелінің дәл ортасына (зат әйнегіне салынған объект зат үстелінің ортасындағы тесікке дәл келуі керек, себебі айна арқылы түсірілетін жарық объектіге түспесе анық көрінбейді) орналастырып, бұранда арқылы зат анық көрінгенше окулярдан көз алмай көру түтігін ептеп жоғары немесе төмен түсіріп қарау керек екенін түсіндіріп, көрсеткен жөн. Препарат пен объектінің ара қашықтығы шамамен 1 см болғанда зат анық көрінеді. Микроскоптың зат үстеліне су тигізуге болмайды, сондықтан препараттағы артық суды сорғыш қағаз немесе жұмсақ шүберекпен сүртіп тасталуы тиіс (негізінде артық су тамызбауға тырысу керек).

Микроскоппен жұмыс істегенде мынадай ережелер есте болуы керек:

А) микроскопты бір орынға орнықтырып қойғаннан кейін жұмыс істеп біткенше екінші орынға жылжытуға болмайды, жылжытса объект көрінбей қалады;

Ә) алдымен айнамен жарық түсіріледі, егер микроскопта объектив екеу болса (бірі – кіші, екіншісі – үлкен) алдымен кіші объективпен қарайды;

Б) микроскопты бір қалыпты температурада сақтайды, қалай болса, солай қоя салса, шаң басып әйнектері күңгірттеніп бұзылады;

В) ауық-ауық жұмсақ, құрғақ шүберекпен окуляр мен объективтің сыртқы линзаларын сүртіп тазалайды;

Г) микроскоп өте күрделі құрал болғандықтан оны химиялық реактивтермен, улы химикаттармен қатар қоюға болмайды. Өзінің ағаш қорабына салып шаң-тозаң кірмейтін таза, құрғақ шкафқа орналастырады.Үлкейтіп көрсететін құралдармен оқушыларды таныстырып болған соң зертханалық (практикалық) жұмыс орындауға кіріседі.

ІV. Бекіту.

Жасушада қандай процестер жүреді? Ұлғайтқыш құралдардың түрлерін атап, айырмашылығын талдап көрсетіңдер. Микроскопқа қажетті жабдықтарды атаңдар.

Микроскоптан негізгі бөліктерін атап, орналасқан жерін көрсетіңдер.

Көру түтігінде қандай бөлшектер орналасады? Окуляр мен объективтің құрылысын, айырмашылығын айтып беріңдер.

VI. Үй тапсырмасы. §5 оқып, тақырып соңындағы тапсырмаларды орындап келу.

Сыныбы: 6

Тақырыбы: Тамыр және тамыр жүйесі

Сабақтың мақсаты: өсімдіктің өсімді мүшелеріне жалпылама сипатама беріп, соның бірі – тамырдың түрлерін, өзара ерекшеліктерін атап көрсету.

Сабақтың міндеттері:

Білімділігі – тамыр, тамыр жүйесі деген ұғымдардың мәнісін ашып, олардың атқаратын қызметін оқушы тұлғасына жете түсіндіру

Тәрбиелілігі – түрлі тәрбиелік шаралардың әсерімен оқушы тұлғасында жағымды өзгерістерге жету.

Дамытушылығы – пәнге, тақырыпқа байланысты қызығушылықтарын дамыту.

Құрал-жабдықтар: электрондық оқулық, бейне фильмдер.

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың сабаққа дайындығын бақылай отырып, зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

Кейбір оқушыларға карточкалар таратылады. Сол арқылы бағаланады.

1 – карточка

І. Әр ұлпаның құрылысы мен атқаратын қызметіне қарай кестедегі бос орынға тиісті рет санын жаз.

1. Жасушалары бір-бірімен тығыз жанасқан, алғашында тірі, біртіндеп қабықшасы қалындап өлі жасушаларға айналады; су мен улы газдарды ішке өткізбейді; өсімдікті ыстықтан, суықтан, қатты желден қорғайды. 2. Тірі жасушалар тобынан тұрады; зат алмасу нәтижесінде түзілген нәруыз, көмірсу мен майлардың артығын қорға жинайды. Ішінде хлоропластары бар тірі жасушаларда органикалық зат түзіледі; жапырақ пен сабақтағы жасушалардың арасындағы кеңістіктерде ауа, су жиналады; ол өсімдіктің құрғақшылыққа төзімділігін арттырады. 3. Жасушалары алғашында тірі болғанымен өсе келе қабықшасы қалыңдап, цитоплазмасы кеуіп, өлі жасушаға айналады да, беріктігі болаттай болады. Қанша дауыл соқса да жапырақтары жыртылмай, нәзік сабақтары сынбай өсуіне себепкер болады. 4. Жасуша қабықшасы жұқа, цитоплазмасы толық, вакуольдері ұсақ сабақ пен тамырдың ең ұшында болады, өсімдіктің ұзарып, жуандап өсуіне әсер етеді. 5. Өсімдік мүшелерінің әр жерінде шашыраңды орналасады. Жасуша пішіндері атқаратын қызметіне байланысты қабықшасы жұқа, көп уақытқа дейін тірі қалпында сақталады, кейде басқа ұлпа жасушаларының арасында шашырап жатады. Зат алмасу нәтижесінде бөлінген заттар өсімдікті малға жем болудан, зиянды микробтар мен жәндіктерден сақтайды, жабын ұлпамен тығыз байланысты. 6. Атқаратын қызметіне байланысты жасуша пішіндері түрліше болып өзгерген. Жасуша қабықшасы сүректенген қалың, өте көп майда саңылаулары бар, сол арқылы ерітінді сүзіліп, екінші жасушаға өткізіледі.

Түзуші

Жабын

Негізгі(қоректік, фотосинтездеуші)

Тірек

Өткізгіш

Бөліп шығарушы

ІІ. Өң мен тоз қай ұлпаға жатады, астын сыз.

1. Түзуші; 2. Өткізгіш; 3.Жабын; 4. Тірек; 5. Негізгі; 6. бөліп шығарушы.

«Білімінді сына» тапсырмасын тексеру

2 – карточка

І. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді жаз

Биологиялық диктант

1. Тек …2 жасушалары ғана бөлінуге қабілетті. 2. Өңнің кейбір жасушалыры ұзарып өсіп … айналады. 3. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің төменгі сатыдағы өсімдіктерден айырмашылығы өте жақсы дамыған … болуы. 4. Қоректік ұлпа мен фотосинтездеуші ұлпаны қосып … деп атайды. 5. … жасуша қабықшасы жұқа бір-бірімен тығыз орналасқан ұсақ тірі жасушалардан тұрады. 6. Шайыр жолы, эфир майы каналы, сүт жолдары, бездеуітті, жабысқақ түктер, безді қабыршақтар, шірнеліктер … ұлпаға жатады. 7. Тамырдың топырақтан сорып алған минералды тұздарының судағы ерітіндісін, жер үсті мүшелеріне … жеткізеді. 8. Өсімдіктерде тірек ұлпасы … болып саналады. Жапырақ сағағына, жүйкелеріне беріктік қасиет беретін … . 10. Жабын ұлпа … деп бөлінеді.

Жауаптары: 1)ұлпаларының; 2) түзуші ұлпа; 3)түзуші ұлпаның; 4)өң, тоз, қабық; 5) түкке; 6) негізгі ұлпа; 7) тірек ұлпасы; 8) қаңқасы; 9)өткізгіш ұлпа; 10) бөліп шығарушы ұлпа.

ІІ. Түсініктеменің рет санының сәйкес келетіндерін кестедегі ұлпаларға жаз.

Түзуші

Жабын

Тірек

Негізгі

Өткізгіш

Бөліп шығарушы

1. Қыртыс; 2. Ауа кеңістігі жасушалары; 3. Талшықты өсімдіктердің тіңдері; 4. Сүзгілі түтік жасушалары; 5. Безді қабыршақтар; 6. Өң жасушалары; 7. Тамыр ұшы жасушалары; 8. Түтік-талшық шоқтары; 9. Су жинаушы жасушалар; 10. Жаңғақ, алхоры, шие, шабдалы өрік сүйектері; 11. Жапырақтың жұмсақ бөліміндегі хлорофилді жасушалар; 12. Тоз; 13. Шайыр, сүт жолдары; 14. Сабақты жуандататын жасушалар; 15. Сабақ, жапырақ, тамыр, тамырсабақ, жеміс, тұқымдарда органикалық заттарды қорға жинаушы жасушалар. 16. Алмұрт, беже жасушаларының жұмсағындағы қиыршық жасушалар. 17. Екі ұшы сүйірленіп келген түтік жасушалар. 18. Буынаралығында орналасқан жасушалар. 19. Шірнеліктер; 20. Өсімдік мүшесінің негізін құрайтын жасушалар; 21. 3 қырлы, 4 қырлы, көп қырлы сабақтардағы қыр түзетін жасушалар. 22. Жас сабақ ұшынағы жасушалар; 23. Жабысқақ түктер; 24. Қабырғасы көп саңылаулы жасушалар.

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі

Жасуша → ұлпа → мүше → ағза сызбанұсқасын түсіну қиынға соқпас, себебі жасшалар тобынан ұлпа, ұлпалардан мүшелер, мүшелерден ағзалар құралады деген мағлұмат береді. Сулы ортадан құрылыққа шығып тіршілік етуге бейімделуінің нәтижесінде көпжасушалы өсімдіктердің құрылысында көптеген өзгерістер болады: қоректенуіне жарық, ауадағы көмірқышқыл газы, топырақтағы су және тұздардың ерітіндісі қажет болғандықтан өсімдіктің ішкі, сыртқы құрылысы күрделеніп, әр түрлі қызмет атқаруға жіктеле бастап, тарихи дамуының нәтижесінде жеке мүшелер пайда болады. Мүше – ағзаның бір бөлігі, себебі өзіндік құрылысы бар және белгілі бір қызмет атқарады. Өсімдік мүшелері өсімді (вегетаивті) және көбею (генеративті) деп екіге бөлінеді. Өсімді мүшелер өсімдіктің өсуін, жеке тіршілік етуін амтамасыз етсе, көбею мүшелері әрбір дарақтың (особьтың) санын көбетіп ұрпақ қалдыру үшін керек, төменгі сатыдағы өсімдіктердің мүшелері жіктелмеген.

Өсімді мүшелерге – тамыр, сабақ, жапырақ жатады.

Тамыр – топырақтың ішінде жататындықтан өсімдіктің жер асты мүшесі. Оның атқаратын қызметі: топырақтан су мен минералды тұздардың ерітіндісін сору; өсімдікті топыраққа мықтап бекіту; қоректік заттарды қорға жинау. Су мен минералды тұздардың ертіндісін сору қызметіне байланысты өң жасушаларынан тамыр түктері түзіліп, өткізгіш жүйелері дамып көлемін ұлғайтса, ал топыраққа мықтап бекіну қызметі оның орталық бөлімінде тірек ұлпалары түзіліп, беріктігін күшейте түседі. Сабақтан айырмашылығы – тамырдың алғашқы қабығы тез түсіп отырады, жапырақ (тіпті қабыршақ түрінде де) шығармайды. Тамыр сабық сияқты ұшынан өседі (тамыр ұшы оймақшамен қапталып тұрады, ол қорғаныштық қызмет атқарады). Тамырлар негізгі, жанама, қосалқы деп үш түрге бөлінеді. Неігізгі тамыр тамырдың ұрық тамыршасынан дамиды, ол тік төмен қарай бағытталып өседі. Тамыр мен сабақтың ұштасып жалғасқан жерін тамыр мойыны дейді. Өсу барысында негізгі тамырдан, тарамдалып жанама тамырлар шығады. Олар тік төмен бағытталмай жан-жаққа таралып жайлып өседі. Қосалқы тамырлар сабақ пен жапырақтан өсіп шығады да бүкіл тамыр жүйесінің көлемін ұлғайтады. Ол дара жарнақты өсімдіктерде (бидай, пияз, жүгері, күріш) негізгі тамырдың орынын басады. Қосалқы тамырлар неғұрлым жиі өссе өсімдіктің топырақтан қоректенуі жақсарып, соғұрлым мол өнім алынады. Негізгі тамыр, жанама тамыр, қосалқы тамырлар жиынтығы тамыр жүйесі деп аталады.

Тамыр жүйесі – бір өсімдікте болатын әр түрлі тамырлардың (негізгі, жанама, қосалқы) жиынтығы. Негізінен кіндік тамыр жүйесі және шашақ тамыр жүйесі деп екі типке бөлінеді. Кіндік тамыр жүйесінде білуленген жуан негізгі тамыры бар, оның жан-жағынан әр түрлі бағытқа жанама тамырлар таралады. Кіндік тамыр жүйесі бар өсімдіктер: сәбіз, картоп, қызанақ, орамжапырақ, т.б.(қос жарнақты өсімдіктердің барлығында болады). Шашақ тамыр жүйесінде ерекшеленіп білінетін негізгі тамыр болмайды. Қосалқы тамырлардың қаулап өсуі біркелкі жуандықта шашақталып жан-жаққа жайыла өседі, көбінесе дара жарнақты өсімдіктерде (бидай, жүгері, күріш, тары, сұлы, пияз, барлық пиязшықты өсімдіктер) болады.

ІV. Бекіту.

Тамыр — өсімдіктің бірліктік, вегетативтік мүшесі, шектеусіз жоғары өсуі, оң геотропизмдік қасиеті бар, құрылысы радиалды және ешқашан да жапырағы болмайды.

Тамыр жүйесі деп бір өсімдікте болатын әр түрлі тамырлардың (негізгі, жанама, қосалқы) жиынтығын айтады.

Тамырды жіктеу.

Кіндік тамыр жүйесінде негізгі тамыр өте жақсы жетіледі. Одан жан-жағына жанама тамырлар тарайды (мысалы, асбұршақ, асқабақ, қауын, жоңышқа, сәбіз, аскөк, т.б.).

Шашақ тамыр жүйесіне негізгі тамыр болмайды. Болған күнде де өте нашар дамып, жуандамай, басқа тамырлармен бірдей өседі. Жуандығы біркелкі жанама немесе қосалқы тамырлар шашаққа ұқсап топталып тұрады. Мысалы, пияз, бидай, жүгері, арпа, сұлы, тары, күріш, сарымсақ және т.б.

Аралас тамырлар жүйесінде анық көрінетін негізгі, сонымен қатар қосымша тамырлар да болады (қызан, капуста).

Тамырдың қызметтері

  1. Тамыр арқылы топырақтан суды және онда еріген минералды тұздарды сабаққа өткізеді;

  2. Өсімдікті топыраққа берік орнықтырады;

  3. Әр түрлі органикалық заттарды (аминқышқылдар, гормондар, т.б.) синтездейді.

  4. Кейбір тамырлар қоректік заттарды қорға жинайды;

  5. Басқа өсімдіктердің тамырларымен, микроорганизмдермен, саңырауқұлақтардың жіпшелерімен әрекеттеседі;

  6. Вегетативтік көбеюге қатысады.

Үй тапсырмасы. §7 оқып, 8-суретті салып, тақырып соңындағы тапсырмаларды орындап келу.

Понравилась статья? Поделиться с друзьями: