Тақырып: «Өлкетану – көп қырлы кешенді құбылыс»
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылы 10 шілдеде Қазақстан халқына жолдаған «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты Жолдауында бүгінгі таңдағы оқу-тәрбие үдерісін түбірінен өзгерту маңызын және қазірдің өзінде оқушыларға пән бойынша мектепте қажетті инновациялық курстар жоқ екендігін атап көрсетіп, өскелең ұрпаққа туған жерге деген махаббаты, елжандылығы мен отаншылдық қасиеттерін арттыру мақсатында «Өлкетану» пәнін өту керектігін міндеттеді. Демек, Жалпы орта білім беретін мектептерде Қазақстан географиясы, биология, тарих, әдебиет пәндерінен тереңдетілген курстар ендіру кезек күттірмейтін мәселенің бірі болып саналады.
Жалпы орта білім беретін мектепте география, биология, тарих, әдебиет және т.б. пәндерді оқыту барысында өлкетанулық зерттеу мәселесі сырт көзге толық сияқты көрінгенімен, жеткіліксіз, әсіресе жергілікті өлкетану материалдарын пайдалану әдістемесі толық жасалмаған. Мектеп оқушылары жинаған немесе өлкетану әдебиеттерінен алынған өлкетану материалдарын пайдалану көптеген оқытушылар үшін қиындық тудырады. Сондықтан бұл мәселені қарастырған кезде, әртүрлі сыныптар бағдарламасының ерекшеліктерін ескеріп отырған жөн. Сондықтан 2012-2013 оқу жылында өлкетануды зерттеу 5 сыныптарында басталып, оқушылардың алғашқы өз бақылауларын, қоршаған табиғатпен, адамдардың еңбегімен танысудан алған мәліметтерін пайдалануға болады, ал жоғарғы сыныптарда нақты бақылаулар мәліметтерін және өлкетану әдебиеттері мен басқа да дерек көздерден алынған ауыл, аудан, облыс және жалпы туған өлке туралы материалдарды пайдалануға болады.
Курс 1 оқу жылына арналған. Бағдарлама өлкетану бойынша білімдерін қорытындылау және тереңдету үшін арналған. Жергілікті қорлар кен пайдаланады: өлкетану мұражайы, қала қітапханалары және басқа мәдени мекемелер мен ескерткіштер. Оқу қызметі сыныптан тыс жұмыстармен толықтырылады. «Өлкетану» курсы 34 сағаттан құрылған (аптасына 1 рет). Оқу жоспарының оқушы компонентіне бөлінген.
Бағдарлама оқушыларды оқыту және тәрбиелеудегі жеке оқыту тәсілді іске асырады, ғылыми білімдер мен оқыту технологияларын біріктіреді және практикалық бағытымен, шығармашылық амалдарымен, ғылымилығымен, жүйелілігімен көзге түседі.
Мектептердің әлеуметтік серіктестері болып қосымша білім алу орталықтары, мәдениет мекемелері болып табылады.
Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар.
Оқушылар білу керек:
-
Қостанай облысында болған оқиғалардың маңызды кезеңдерін, хронологиялық шеңберін, жүйелігін;
-
Қаланың қалыптасу және даму тарихын;
-
Туған өлкенін тарихи географиясын;
-
Тарихи қалыптасқан шаруашылық салаларын және қазіргі өнеркәсіп;
-
Ұлы Отан соғысы кезіндегі облыста болған тарихи оқиғалар;
-
Өлкенің ескерткіштері;
-
Туған өлкемен байланысты негізгі ұғымдар.
Оқушылар істей білу керек:
-
Қазақстан және облыста болған тарихи оқиғаларды салыстыру, баға беру, маңыздылығын анықтау;
-
Тарихи-географиялық ортаның адам өміріне әсерін анықтау;
-
Қостанай облысының картасында бағдарлау;
-
Фото, бейнематериалдарымен, мұрағаттық құжаттармен, БАҚ жұмыс істей білу;
-
Өз бетінше ізденіс жұмыспен айналысу және қорытындысын шығару;
-
Сауатты және дәлелді өз ойын жеткізе білу.
Бағдарламаның іске асыру нәтижесі.
Қалыптастыру:
-
Туған өлке тарихы мен мәдениетіне қызығушылық;
-
Өткен уақыт және қазіргі замаңмен байланыс жасау;
-
Шығармашылықпен ойлау;
-
Салыстыру және бақылау арқылы практикалық есептер шығару;
-
Шығармашылық топтарда және жеке ізденіс жұмыс жасау;
-
Оқу қызметінде өз ойларын айта білу.
Бағдарламаны меңгеру өлшемдері мен көрсеткіштері.
Ақпараттық
-
Қала тарихын және пайда болу себептерін білу.
-
Әр пайда болған кәсіпорынның қала тарихындағы орнын білу.
-
Қала өнеркәсібінің негізгі бағыттарын білу.
-
Қала кәсіпорындарының өнімін және таралу аймағын білу.
-
Қаланың саяси құрылымын және әлеуметтік-қоғамдық ұйымдарын білу.
-
Қостанай қаласының мәдени және тарихи орталықтары туралы түсінік беру.
-
Туған өлкемен байланысты суретшілердің, жазушылардың, ақындардың, композиторлардың есімдерін білу.
-
Аймақтың көркем кәсіп пен халық қолөнерін білу, сәндік-қолданбалы өнер түрлерін ажырата білу.
-
Отбасындағы мамандық ұнатуларды білу, отбасылық әулеттер.
-
Қаланың құрметті, ардақты азаматтарын білу.
-
Қаланың мәдени, көркем-әдеби өмірі туралы білу.
Зерттеушілік
-
Зеттеу нысаның таба білу.
-
Алған мәліметті өндеу, сақтау, ұсына білу.
-
Мұражайлық материалмен жұмыс жасау білу.
-
Мектеп түлектерінен, саяси қайраткерлерден, бұрынғы өнеркәсіп жұмыскерлерінен, қала тұрғындарынан сұхбат алу және еске алуларын жинай білу.
-
Түрлі тарихи кезеңдерінің деректер мен статистикалық мәліметтерді талдау, салыстыра білу.
-
Халық дәстүрлері мен кәсіптерімен танысып, оларды пайдалана білу.
Практикалық
-
Саяхат жетекшісі, тілші, дәріскер, мұрағат қызметкері, дизайнер еңбектеріне дағдыландыру.
-
Ата-аналарымен, мұғалімдерімен, басқа оқушыларымен, сыныптастарымен тіл табыса білу.
-
Еңбекке дағдыландыру.
Бақылау түрлері:
-
ағымды, аралық, қорытынды бақылау негізінде оқушылардың білім, икем, дағдылар диагностикасы;
-
оқушылардың жобаларының презентациясы;
-
оқушылар жасаған сурет, фотосурет көрмесі;
-
зияткерлік ойындар;
-
сауалнама.
Курс жұмысы оқу жылының аяғында есептік көрме ұйымдастырумен қорытындылағаны жөн. Бақыланған обьектілерді сипаттап жазу, суретін сызу, фотосуретке түсіру. Адымдап өлшеу арқылы картаға бұрылыстар мен жағажайлар орнын нақты түсіру. Ұсақ жұмыртас үлгілерін жинау.