Мемлекет басқару әдістері түсінігі және нысандары
Мемлекеттік басқарудың нысандары
Мемлекеттік басқарудың нысандары — мемлекет нысанының құрамы, ол жоғарғы мемлекеттік өкіметтің ұйымдасуының, оның органдарының құрылуындағы тәртіпті және олардың тұрғындармен қарым-қатынасын сипаттайды.
Мемлекеттік басқару
- Мемлекеттік басқару коғам дамуының барысында қоғамдық, қатанастарды реттеу мен тікелей практикалық ұйымдастырудағы атқарушылық және бөлушілік іс-әрекет. Мемлекеттік басқару барынша кең мағынада, мемлекеттің істерін басқару, мемлекеттік органдардың барлығының қатынасуымен іске асырылады. Мемлекеттік басқару дегеніміз:
- а) зандарды орындау барысындағы іс-әрекет;
- б) объектілер мен адамдарға ағымдағы өкімдік жасау және олардың орындауға міндетті болып табылатын, заңдық күші бар нормативтік актілерді қабылдаумен байланысты іс-әрекет.
Барынша тар мағынасында мемлекеттік басқару деп экономиканы, әлеуметтік-мәдени, әкімшілік-саяси салаға практикалык және тікелей басшлық жасауға бағытталған атқару, бөлу, зандық күші бар, бір-біріне бағынышты мемлекеттік басқару органдарының іс-әрекетін айтуға болады.
Мемлекеттік басқарудың қағидаттары
- Мемлекеттік басқарудың қағидаттары — басқару, басқару аппараты сүйенетін, белгілі бір ереже түрінде қалыптасуы мүмкін, негізгі басшылық бастамасы. Мемлекеттік басқарудың қағидалары зандарда және басқа да зандық күші бар нормативтік актілерде бекітіледі. Мемлекеттік басқару қағидаттары әлеуметтік-құқықтык, және ұйымдастырушылық сияқты екі топқа бөлінеді.
Әлеуметтік-құқықтыққа жататындар:
1) жоғарғы мемлекеттік лауазымдар мен органдардың қабылдаған нормативтік актілерін, жергілікті жердің ерекшеліктерін ескере отырып жүзеге асыруға мүмкіншілік беретін, демократиялык негізде орталықтанған, демократиялық орталықшану қағидаты;
2) барлык ұлттар мен этностардың өкілдері мемлекеттік басқаруға араласатын тең құқық, кемсітушілікке жол берілмейтін, ұлттардың теңдігі қағидаты (ҚР Конституциясы 14-бап.);
3) мемлекеттік басқару органдарының іс-әрекеттері белгілі бір мемлекет көлемінде жоспарланған жоспар, бағдарлама, стратегия бойынша жүзеге асырылатын жоспарлық қағидат. Мысалы, Қазақстанда мемлекеттік органдар жұмыстарын жетіддіру Президенттің Жолдаулары, нұсқаулары, жарғылары және Парламенттің заң-дары арқылы жоспарланып отырады;
4) жариялылық және коғамдық пікірмен санасып отыру қоғамды демократияландырудын, бір әдісін қамтитын бұқараның, халықтың басқаруға араласуы қағидаты; 5) бұкара халықтың басқаруға араласуын және мемлекеттік органдардың ұйымдастырылуын, іс-әрекетін реттейтін, халықтың еркін білдіретін құқықтық нормалардың, заңдылықтың қатаң сақталу қағидаты.
Ұйымдастырушылық қағидаты:
1) қызметтер мен құзыреттерді жіктеу, реттеу, белгілеу қағидасы;
2) құзырет шегіндегі жауаптылық қағидасы;
3) басқарудағы салалық, салааралық және аумақтық бастамаларды үйлестіру қағидасы;
4) мемлекеттік басқаруда төменгі орган жоғарғы органға және маманданған бағынушылық бастамаларды үйлестіру қағидасы;
5) көпшілік арқылы басқарудың үстемдігі барысында, көпшілік пен жеке басқарудың әдістерін үйлестіру кағидасы.
Мемлекеттік басқару әдістері
Мемлекеттік басқару белгілі бір әдістердің көмегімен іске асырылады.
Басқарудың әдістері дегеніміз:
1) әкімшілік құқық субъектілерінің іс-әрекетін ұйымдастыру;
2) басқару үрдісі барысында туындайтын нақты мәселелерді шешу;
3) басқарылушылардың еркіне ықпал етудің тәсілдері, амалдары. Басқарудың төмендегідей субординация және координация сияқты екі әдісін көрсетуге болады.
Координациялық әдіс әр түрлі органдардың күрделі мәселені шешуге деген қажеттілігінен көрінеді. Мемлекеттік басқарудың құқықтық және құқықтық емес секілді екі түрпішіні бар. Құқықтық түрпішініне:
1) нормативтік құқыктық кескіндерді дайындау және қабылдау;
2) шарт жасау жатады.
Субординация әдісінің белгілері:
1) басқарылу-шылардың құқықтары мен міндеттерін бекіту арқылы тікелей ықпал ету;
2) басқару органының міндетті шешудің не нақты мінез-құлық кескінін анықтаудың тәсілін бір жақты тандауы;
3) орындалмағаны үшін әкімшілік ықпал ету шаралары қолданылатын, басқару актісінін занды міндеттілігі;
4) заңнамаларда бекітілген тәртіп бойынша жеке және занды тұлғалардың құкықтарын қорғау.