Бекітемін:…………………………… Айы:………………….
…………………………………………….
Тақырыбы: «Қыс келбеті»
Сабақтың мақсаты: Қыс мезгілі туралы түсініктерін қалыптастыру.
Жекелеген заттарды жалпы фоннан бөлектей отырып қабылдауға үйрету.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,суреттер,ойыншықтар, ойын.
Сабақтың көрнекілігі: Шырша, ойыншықтар, сұрақ-жауап, ойын.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Жаңа сабақ
IV. Қорытынды
V. Бағалау.
І. Ұйымдастыру бөлімі:
Құрал-жабдықтарын түгендеу, баланың назарын жаңа сабаққа аудару.
ІІ. Жаңа сабақ.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Қыс келбеті» деп аталады. Қыс мезгілінде жапырақтар әбден түсіп, сидиған ағаштарға назар аударайықшы. Олар өте қызық және әртүрлі. Әр ағаш өзіндік ерекшеліктерімен көзге түседі. Бір ағаштың бұтақтары мың бұралған нәзік болса, енді бірінің бұтағы тік әрі жуан болып келеді. Қыс кезінде ағаш бұтақтарына түскен қар немесе қырау оларды әдемі етіп көрсетеді.Еліміздің елді мекендерінде алуан түрлі ағаштар өседі. Мысалы: таулы аймақтарда қарағай, шырша, арша, ал шөлді аймақтарда қарағаш, сексеуіл, т.б. кездеседі. Сонымен қатар аққайың, терек, тал секілді ағаштар да бар. Ағаш түрлерінің ерекшеліктерін қыс кезінде байқауға болады. Қыста ағаштарды бейнелеу өте қызық әрі әдемі. Сондықтан бүгін қыс көрінісін бейнелеуді үйренейік.
Қағаз бетіне бейнені орналастыру, орнын белгілеу, көру нүктесін таңдау үйлесімділіктің бастапқы негізі болып табылады. Нұсқаның жеке бөліктері бір-бірімен байланысты болғанда ғана үйлесімділік шешім дұрыс болады. Пішіні Өлшемі Түсі
Сергіту сәті: Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды.
Мұз болады ө қатады,
Жып-жылтыр боп жатады
«Мен секілді жасаңдар» ойын. «Шырша» ойын.Алақандарыңды өзіңе қарай қолыңның буындарын алдыңа орналастыр. Саусақтарың жан-жаққа шашыратылған және кернеулі. Тапсырманы орындап біткеннен кейін қолыңның буындарын сілкілеу керек.
IV. Қорытынды: Сұрақ-жауап арқылы тақырыпты қорытындылау.
V. Бағалау: Баланы мақтау,мадақтау