Алматы облысы Карасай ауданы Шамалған бекеті «Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ Биология пән мұғалімі Сакетова А.Т
Тері және бұлшық ет сезімі, иіс сезу және дәм сезу |
|||
Мерзімі |
|
Сыныбы 8 |
|
Сабақ тақырыбы |
Тері және бұлшық ет сезімі, иіс сезу және дәм сезу
|
||
Сілтеме |
Бағдарламаға сәйкес құрылған күнтізбелік жоспар, пән бойынша әдістемеліктер |
||
Жалпы мақсат |
Оқушыларға сезім мүшелеріне жалпы сипаттама беріп, олардың түрлері, құрылысымен танысу. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, өмірде пайдалана білуге үйрету. Еркін сөйлеп, есте сақтау қабілетін дамыту. |
||
Күтілетін нәтиже |
Тері, бұлшық ет, иіс және дәм сезу мүшелерімен танысады. Тақырып бойынша алған теориялық білімдерін практикада қолдана алады. Әр түрлі әдіс тәсілдер арқылы тақырыпты меңгереді. |
||
Пайда ланған модульдер |
Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер Сыни тұрғыдан ойлау Диалогтық оқыту Ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану Білім берудегі басқару және көшбасшылық Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту. Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау. |
||
Оқу нәтижелері |
Оқушылар тері және бұлшық ет сезімі, иіс және дәм сезу мүшелерін біледі. Олардың құрылысымен танысады. Жұппен және топпен жұмыс жасауда ынтымақтастық атмосферасы орнайды |
||
Кезең |
Мұғалімнің орындайтын іс – әрекеті |
Оқушылардың орындайтын іс- әрекеті |
|
І. Ұйымдастыру |
Топқа бөлу Тақырыпқа сәйкес: І топ- « Көк» ІІ топ- «Қызыл», ІІІ топ- « Жасыл», IV топ -« Сары» |
Түстерге байланысты топтарға бөлінеді. «Ыстық алақан» арқылы бір-біріне тілек тілейді. Сыныпта ынтымақтастық атмосферасы орнайды. |
|
Үй тапсыр масы |
Үйге берілген тапсырманы сұрау «Биологиялық диктант» |
Оқушылар өтілген тақырыптар бойынша берілген сұрақтарға жауап жазады. Жекелей жұмыс. |
|
ІІ. Жаңа сабаққа кіріспе |
Қызығушылықты ояту «Терминнен болжам жасау» Сарымсақ, әтір, қант, тұз, банан, заттардың қасиетін иіс, дәм, сипап сезу арқылы сездіру |
Оқушылар сарымсақ, әтір, қант, тұз, банан заттардың қасиетін иісін, дәмін тату және сипап сезу арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын ашып, мақсат қояды. |
|
ІІІ. Сабақ барысы |
Мағынаны тану «Топтастыру» әдісі. I. Тері сезімі II. Бұлшық ет сезімі, ІІІ. Дәм сезімі ІҮ. Иіс сезіміне байланысты тақырып бөлініп беріледі. |
Әр топ берілген мәтінді оқи отырып, тақырыптың негізгі идеясы мен мақсатын оқушылардың өздері ашады және постер жасап, қорғайды. Оқушылар тапсырманы топтасу және жұптасу арқылы орындайды. |
|
ІҮ. Бекіту |
Ойтолғаныс «Сәйкестендіру кестесі» әдісі Дәм сезу мен иіс сезу мүшесіне байланысты берілген сөздерді сәйкестендіру. «Ойшеңбер» әдісі Оқушылар түсінгендерін бір сөйлем арқылы жазып жеткізу. |
Оқушылар берілген парақшадағы дәм сезу мен иіс сезуге байланысты берілген сөздерді бірлесе отырып сәйкестендіреді. Топтық жұмыс
Бүгінгі тақырып бойынша білгендерін топтағы оқушылар сағат тілі бойынша айналдыра отырып бір-бір сөйлемнен жазады.
|
|
Ү.Бағалау |
Критерий бойынша бағалау
|
Жұптасын критерийлер бойынша «Өзара бағалау парағына» қалай бағалағаны жөнінде қысқаша түсінік береді
|
|
ҮI. Кері байланыс |
Бүгінгі сабақ бойынша өз пікірлерін стикерге жазып, смайликтерге жапсыру
|
Бүгінгі сабақ бойынша өз пікірлерін стикерге жазып, смайликтерге жапсырады |
|
ҮІІ. Үйге тапсырма |
Үйге тапсырма Тері және бұлшық ет сезімі, иіс сезу және дәм сезу тақырыбын оқып келу. Тақырып соңындағы сұрақтарға жауап беру.
|