Мектеп: Мичурин ЖОББМБ кешені |
Сынып: 7а,7ә Мұғалім: Кенжегалиева Ж.С.
|
||||||||||
Күні: |
Сабақ жоспары бөлімі: 7.3В Периодтық кесте. Периодтық кестенің құрылымы |
Cабақ № |
|||||||||
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||||||||
Сабақ тақырыбы: |
Периодтық кестенің құрылымы |
||||||||||
Сабақтың түрі: |
Жаңа тақырыпты зерттеу |
||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары |
7.2.1.2 атомдық нөмірдің өсу ретімен Периодтық кестенің құрылымын түсіндіру |
||||||||||
Сабақтың оқыту мақсаты |
Периодтық кестенің әртүрлі құрылымдарын қарастыру Атомдық нөмірге негізделіп Периодтық кестені құрастыру принципін түсіну Периодтық кестені құрастыру принципін түсіндіру |
||||||||||
Жетістік критерийлері |
Студент мақсатқа жетті, егер:
|
||||||||||
Тілдік мақсаттар -терминдер
|
Оқушылар: — ауызша және жазбазша элементтердің классификация принциптерін түсіндіре алады, сұрақтар қоя алады Терминдер: блок, тенденция, қасиеттер, топ, Периодтық кесте, ядроны сипаттауы, протон, атомдық нөмір, элемент, радиоактивті, қатты заттар, сұйықтықтар, газдар, бейметаллдар, металлдар Диалогқа қажетті тіркестер: Периодтық кесте элементтер топтарына бөлінген Бір топтағы элементтер ұқсас қасиеттерге ие x бір топта жатыр, y-те секілді, өйткені екеуінде де бірдей z Неге (элемент) осы топқа жатады? |
||||||||||
Құндылықтарды тәрбиелеу Жаһандық азаматтық |
Бір бірінін құндылықтарын құрметтеу, ынтымақтастық. ЖА құндылықтары: Қоршаған ортаға қамқорлық ету және тұрақты дамуға талпыну ЖА дағдылары: Критикалық және шығармашылық ойлау, өзін өзінде сенімділің және рефлексия дағдылары, сөйлеу, бекітілген іс қимыл. |
||||||||||
Пәнаралық байланыстар |
Физика (атомдағы протондар) |
||||||||||
АКТ қолдану |
Презентация. Белсенді тақта (проектор) |
||||||||||
Бастапқы білім |
7.2А Атомдар. Молекулалар. Заттар |
||||||||||
Сабақ барысы |
|||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар |
|||||||||
Сабақтың басы |
|||||||||||
1-4 мин
4-5 мин
5-13 мин
13-20 мин
18-20 мин
20-25 мин
|
Белсендіру: Артқы жақпен тақтаға Тақтаға бір адам шығады, тақтада жазылған сөзді барлық сынып осы адамға түсіндіреді. Тақтадағы оқушыға бұрылуға және тақтаға қарауға болмайды. Сыныптағы оқушыларға сөздің аудармасын, түбірлес сөздерді және іс-қимыл арқылы мағынасын көрсетуге болмайды. Анықтаманы және синоним сөздерді айтуға болады. Сөздер: Кесте, период, Доберейнер, Ньюлендс, Менделеев, элемент – осы сөздерді мұғалім рет ретімен төртбұрышқа жазады. (T) Тақырыппен, мақсаттармен, жетістік критерийлерімен танысу. (Г) Кіші топтарда периодтық кестенің түрлі суреттері беріледі.
Оқушылар осы кестелерді талдап олардың күшті және әлсіз жақтарын көрсету керек. 5 минуттан кейің әр топ мұғалім таңдаған кесенің алсіз/күшті жақтарын айтуы керек. Оқушыларға арналған, кестені бағалау критерийлері:
(G) Сыныпты кішкентай 3-4 адамнан тұратын топтарға бөліңіз, әр топқа элементтер бар карточкаларды беріңіз. Протон саны артуымен карточкаларды қатар қоюды ұсыныңыз. Осы жерде атомдық нөмір ұғымын еңгізу қажет. Атомдық нөмір (синонимдер: атомдық сан, химиялық элементтің реттік нөмірі) — атом ядросында протон саны. (T) Элементтерді тек бір жолға емес, бірнеше жолға салуға болатындығын оқушыларға түсіндіріңіз. Осы жерде период ұғымын еңгізу қажет. Период — химиялық элементтердің периодтық кестесінің жолы, сыртқы энергетикалық деңгейдегі электрон саның артуымен атомдық нөмірінің артуының көрсетеді. (Т) Бір жолда элементтердің саны 8 ден аспау керектігің түсіндіріңіз. Екінші периодта литий бірінші элемент болатындығын айтыңыз. Осы жерде топ ұғымын еңгізу қажет. Химиялық элементтердің периодтық жүйенің тобы — бірдей электрондық құрылымға ие атомдық нөмірінің өсуі ретімен атомдар қатары. (Т) Алынған білім арқылы ұқсас қасиеттерге ие топтарды блоктарға біріктіретіндігін оқушыларға түсіндіру. Блоктар электрондық құрылымына қарай топтасатындығын, ал құрылымнан қасиеттер шығатындығын түсіндіріңіз. Периодтық кестенің блогы — валенттік электрондардың ұқсас орналасуымен топтасатын химиялық элементтер. ИЮПАК периодтық кестесің көрсетіңіз
(T) Оқушыларға басқа нөмірлену жүйесі бар екендігін түсіндіріңіз. Топтар 1-18 орнына I-VIII деп белгіленеді және қосымша бөлінеді а-бас топша, в-қосымша топша. Периодтар кіші және үлкен болады, үлкен периодтың ішінде екі кіші период болады. Металдарды және бейметалдарды саты арқылы бөлуді көрсетіңіз. (О) Кестенің бөлімдері туралы білімдерді бекіту үшін кроссворд шешуді ұсынылады. Периодтық кесте Горизонталь бағытында 1. элементтерді қасиеттері бойынша бөлу 2. элементтің атомдық нөмірі арқылы протон саның анықтауға болады, бірақ сонымен бірге осы бөлшектердің саның да Вертикаль бағытында 1. атомдардың сыртқы энергетикалық деңгейде электрондардың өсуін көрсететің жол 2. ұқсас қасиеттері бар элементтерді көрсететің бағаналар 3. сыртқы энергетикалық электрондар бір орбитальда орналасқан элементтер тобы 4. химияда стандарттарды жасауға арналған халықаралық ұйым 5. топта немесе периодта қасиеттердің өзгермеуің, артуын, азаюың көрсететің сипаттама |
7.3В Периодтық кесте. Периодтық кестенің құрылымы.pptx 1 слайд
2-3 слайд 4 слайд
Таратылатын материал. Кестелер.docx
5 слайд
6 слайд Таратылатың материалдар.Элементтер.docx
7 слайд
8 слайд
9 слайд
10 слайд Раздаточные материалы. Таблицы.docx
11 слайд
12 слайд Кроссворд рус.docx
|
|||||||||
25-33 мин |
(И) Интерактивті түрде оқушылармен металл, бейметалл, қатты, сұйық және газтектес элементтерді талдау керек. Оқушылар қазіргі уақыттағы Д.И. Менделеевтің Периодтық кестенің құрылымын біліп сипаттай алуы керек. Интерактивті ойын: https://quizlet.com/_388n7x (тіркелу қажет) Интернет болмағанда және басқа да бір факторлар кедергі жасаса салыстыру ойынына ауыстыру керек (карточкаларда). |
13 слайд quizlet карточкалар.pdf quizlet кесте.pdf
|
|||||||||
Соңы 33-40 мин |
Рефлексия: Шеңбердегі жұмыс Мұғалім оқушыларға осы сабақта өткен материалдарды бірге еске түсіріп, содан кейін жеке жауап беруі керек екендігін түсіндіруі қажет. Оқушылар екі шеңберге отырады (сыртқы және ішкі) бір біріне бетімен (сыртқы шеңбердің оқушысы қарама қарсы ішкі шеңбердің оқушысы). PowerPoint презентациясы арқылы сұрақтарды тақтаға көрсетіңіз. Оқушыларға жұп жұппен берілген сұрақтарды талдау керек. Әр сұрақтан кейін мұғалім сыртқы шеңбердің (ішкі шеңбердің) оқушыларын сол жақ бағытта жылжуды айтуы керек, жұпты ауыстыру үшін. Барлық сұрақтар талдаулы болғаннан кейін оқушыларға индивидуалды жазбаша түрде сұрақтарға жауап беру керек. Сұрақтар: Периодтық кесте деген не? Топ деген не? Период деген не? Периодтың топтан айырмашылығы қандай? Блок деген не? Блоктарды қарай құрастырады? Периодтық кестеде элементтер қандай принцип бойынша орналасқан? Үй жұмысы: Сабақтың мәліметін қайталау. Периодтық кестеде оқушыға белігілі элементтерді таңдап, металл және бейметалға бөлу. |
14 слайд
15 слайд
16 слайд |